Current Date: 14-03-2025

Air Astana Ақтаудан ұшқан ұшақтың кері қайтарылу себебін түсіндірді

Әуе компаниясы ұшақтың Ақтауға сәтті қонғанын және жолаушылардың компания тобының резервтік ұшағымен жөнелтілгенін мәлімдеді.

8 наурыз күні Ақтау – Алматы бағыты бойынша ұшқан ұшақ әуежайға қайта оралған еді. Әуе компаниясы бұл жағдайдың себебін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Экипаж №1 қозғалтқыштағы май деңгейінің төмендігі туралы техникалық ескертуге байланысты қозғалтқышты сөндіріп, стандартты процедураларға сәйкес әрекет етті, – деп хабарлады Air Astana баспасөз қызметі.