Current Date: 21-07-2025

Оңтүстік кореяда су тасқынынан қаза тапқандар саны 18-ге жетті

Ал Оңтүстік Кореяда су тасқынынан қаза тапқан адам саны 18-ге жетті. 9 тұрғын іздестіріліп жатыр. Елдің 15 ірі қаласы мен провинциясында 14 мыңнан астам адам уақытша паналарға көшірілген. Елде бірнеше күн бойы тоқтаусыз жауған нөсер жауыннан кейін лай көшкіні жүріп, су тасыған. 2 мыңға жуық үкіметтік ғимарат, фермаларды қоса алғанда 2 мыңнан астам жеке нысанға зақым келген. Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мен тасқыннан зардап шеккен өңірлерге барып, шұғыл және тиімді шаралар қабылдауға уәде берді. Жаңбыр бәсеңдегенімен, синоптиктердің мәліметінше, елді алда қатты ыстық күтіп тұр.

Арай Төлегенеқызы