Current Date: 14-03-2025

Дзюдодан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогін 17 медальмен бастады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогін 17 медальмен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркияның Анталия қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан Еуропа кубогі басталды. Қазақстан құрамасы алғашқы жарыс күнінде 5 алтын, 3 күміс және 9 қола медаль жеңіп алды.

Алтын медаль иегерлері:

  • Арман Мұса (-50 кг)
  • Арсен Елемес (-55 кг)
  • Бақдәулет Қабдешов (-60 кг)
  • Мұхаммедали Жылқайдар (-66 кг)
  • Фатима Супугалиева (-52 кг)

Күміс жүлдегерлер:

  • Аслан Ерғалиев (-55 кг)
  • Ернұр Батырғали (-60 кг)
  • Жанайым Мұратбек (-52 кг)

Қола медаль иегерлері:

  • Мерей Дәулетхан (-50 кг)
  • Фархат Зейнолла (-50 кг)
  • Сейітжан Маметов (-55 кг)
  • Әкежан Әбдіманап (-55 кг)
  • Заманбек Бақтығали (-66 кг)
  • Ролан Қайырғали (-66 кг)
  • Ульяна Пряхина (-40 кг)
  • Айнара Сейтжанова (-44 кг)
  • Әсел Русланова (-48 кг)

Осылайша қазақстандық жас дзюдошылар жарыстың алғашқы күнінде жоғары нәтиже көрсетті.