Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Тамызда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық күтіледі

Тамызда еліміздің бірнеше өңірінде құрғақшылық күтіледі, деп хабарлайды “Қазгидромет” РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, алдын ала есептеулер бойынша тамыз айында бірқалыпты құрғақшылық мына облыстардағы аудандарда күтіледі.

  • Батыс Қазақстан облысының Жаңғала, Қаратөбе аудандарында;
  • Ақтөбе облысының Шалқар, Ырғыз аудандарында;
  • Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандарында;
  • Қарағанды облысының Ақтойғай, Шет аудандарында;
  • Абай облысының Аягөз, Үржар аудандарында;
  • Алматы облысының Балқаш, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандарында;
  • Жетісу облысының Қаратал, Панфилов, Кербұлақ, Алакөл аудандарында;
  • Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында;
  • Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстарының басым бөлігінде;
  • Павлодар облысының Ақтоғай, Железинка аудандарында;
  • Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл, М.Жұмабаев аудандарында.

Елдің қалған аумақтарында ылғалдану деңгейі нормаға жуық болады деп күтіліп отыр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз