Current Date: 14-03-2025

Елена Рыбакинаның қанша табыс табатыны белгілі болды

Елена Рыбакинаның қанша табыс табатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.

Күні кеше Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңіне шықты. Қазақстандық екінші айналымда Нидерланды өкілі Сюзанна Ламенсті 6:3, 6:3 есебімен ұтты. Келесі кезекте Елена британдық Кэти Боултермен кездеседі.

Еліміздің үздік теннисшісі Елена Рыбакина алдағы ойында да кортқа фаворит мәртебесінде шығады. Бірақ Кэти Боултер де осал қарсылас емес. 1/16 финалдық матч Қазақстан уақыты бойынша 2:00-ге жоспарланған.

2025 жылы ол 19 матч өткізіп, 14 ойында жеңіске жетсе, 5 матчта жеңіліс тапты. Жыл басынан бері ол екі айда 1 010 313 доллар (501 млн теңге) табыс тапқан. Жалпы, Елена Рыбакина кәсіби мансабында тек теннис турнирлерінен 16 745 303 АҚШ доллар табыс тапты. Биылғы ең көп жүлде жеңіп алған үздік тениссшілердің қатарында Рыбакина 6 орында тұр.