АҚШ президенті Дональд Трамп Шотландияға келген сапарында Еуропаға төніп тұрған екі басты қатерге – жел электр станциялары мен миграция назар аударды, деп хабарлайды inbusiness.kz DW басылымына сілтеме жасап.
2025 жылғы 25 шілде, жұма күні кешке Глазго Прествик әуежайына қонғаннан кейін сөйлеген сөзінде Трамп Еуропа елдерін жел генераторларынан бас тартуға және көші-қонды шектеуге шақырды.
– Еуропа аспанында ұшып келе жатып, айналаңыздағы әсем алқаптар мен аңғарларды көрмек түгілі, әр бұрыштан бой көтерген жел генераторларына көзің түседі. Олар табиғи көріністерді бүлдіріп қана қоймай, құстарды да қырып жатыр, – деді Трамп.
Оның айтуынша, мұндай құрылғылар теңіз экожүйесіне де елеулі залал келтіруде.
АҚШ президенті сондай-ақ Еуропаға бағытталған көші-қон легін “қорқынышты басқыншылық” деп атап, оны дереу тоқтатуға шақырды.
– Бұл – Еуропаның ішкі тұтастығын шайқалтып жатқан басқыншылық. Жел генераторлары табиғатты қалай өзгертіп жатса, миграция да Еуропа қоғамын солай бұзып жатыр, – деп мәлімдеді Трамп.
