Current Date: 15-03-2025

Алматыда микроавтобус жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Алматыда 9 наурызда Шаляпин мен Береговой көшелерінің қиылысында жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кешке Toyota Haiz шағын автобусының жүргізушісі аяқ асты жолға шыққан адамды қағып кетті.

Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші жаяу жүргіншіні қолайсыз ауа райы – қалың қардың салдарынан кешірек байқаған.

Соққының салдарынан ер адам жол жиегіне шығып кетті. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, оны аман алып қала алмады. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Куәгерлердің айтуынша, марқұм қайғылы оқиға болған маңда тұрады.