Current Date: 02-08-2025

Вашингтонда сынап бағанасы 41 градусқа жетті

Вашингтонда аптап ыстық орнады, деп хабарлайды 24kz.

АҚШ астанасында күн температурасы 41 градусқа дейін жетіп, рекорд жаңартты. Жергілікті тұрғындар күннен қорғану үшін көлеңке іздеп әлек. Ал балалар субұрқақтарға түсіп, қорғанып жатыр. Елде экстремалды күн райына байланысты шұғыл ескерту жарияланды. Билік өкілдері жұртқа уақытша үйден шықпауға және мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеуге кеңес берді.