Current Date: 02-08-2025

Қазақ балуаны грек-рим күресінен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды (ВИДЕО)

Грек-рим күресінен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Жаңажол Қуанышбек Афинада (Грекия) өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық балуан 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. ҚР ҰОК мәліметінше, финалдық белдесуде Қуанышбек Қырғызстаннан барған Нуркерим Кумарбековті жеңді.

Бұған дейін Нұрдәулет Құмарұлы (48 келіге дейін) мен Нұралы Асқар (55 келіге дейін) күміс медаль иеленсе, Шамиль Досбол (65 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Спорт Шрёдингера (@sportilinet)