4-9 тамыз аралығында Алматыда теннистен «Roland Garros Juniors» турнирінің жалауы желбірейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған жарыста Орталық және Батыс Азия аймағы бойынша 17 жасқа дейінгі ең үздік 16 ойыншы бақ сынайды. Солардың арасынан бірінші орын алған өрендер келесі жылы Францияның астанасы — Парижде жастар арасында өтетін «Ролан Гаррос» додасына жолдама алады.
Алматыдағы додада Қазақстанның туы астында Родион Трайгель, Мансұр Сайынов, Ратмир Пулькевич, Аңсар Ниетқалиев, Даниэль Юрекли, Еркежан Жаңатаева, Әдия Омарбек, Ляйсан Нұрышева, Каролина Лигай және София Малышева сынды теннисшілер өнер көрсетеді.