Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Камчаткада бір тәулікте 120 афтершок болды

Өңірлік ТЖД тұрғындарға үндеу жасады.

Соңғы тәулікте Камчаткада күшті жер сілкінісінен кейін 120 афтершок тіркелді. Бұл туралы өңірлік ТЖМ басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты “Риа Новости”-ге сілтеме жасап.

“Тәулік ішінде магнитудасы 3,5-тен 6,7-ге дейінгі 120 жерасты дүмпуі болды. Олардың кейбірі елдімекендерде 2 баллдан 5 балл болып сезілді”, – делінген хабарламада.

Тұрғындарға Авачинский жанартауына бармауға және Безымянный, Шивелуч, Ключевской мен Карымский жанартауларына жақындамау туралы ескерту берілді.

Жұма күні Петропавловск-Камчатскийден 204 шақырым жерде афтершоктар тіркелді. Оның магнитудасы 5,6 болды.