Бүгін Қазақстанның халық әртісі, кино және театр актёрі Құман Тастанбековтің туғанына — 80 жыл, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Актёр 1969 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актёрлік факультетін тамамдады. Кейін Қазақ академиялық драма театрының құрамына қабылданды.
Актёрдің алғаш ойнаған рөлі – «Қыз Жібек» фильміндегі Төлеген. Бұдан кейін «Қыс – мазасыз маусым», «Ағам менің», «Ерекше күн», «Аққулар ұшып келеді» т.б. фильмдеріне түсті.
Бұдан бөлек театр сахнасында да көптеген рөлдерді сомдады. Актёр 2016 жылы ҚР Президентінің жарлығы бойынша «Парасат орденімен» марапатталды.