Current Date: 15-03-2025

Қазақстан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын екі жеңіспен бастады

Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының өкілдері екі жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әр жекпе-жекте біздің спортшылар жеңіске жетті. 50 келі салмақ дәрежесінде Алуа Балқыбекова кениялық Вероника Нзиваны жеңсе, 81 келіден жоғары санатта Елдана Тәліпова өзбекстандық Олтин Сотимбоевадан басым түсті.

10 наурызда шаршы алаңға Анита Әдішева (52 келі) мен Жайна Шекербекова (54 келі) шығады.