Current Date: 11-09-2025

Астана тұрғынының көлігі эвакуатор көмегімен ұрланған (видео)

Астана тұрғынының көлігі эвакуатор көмегімен ұрланған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Самал базары маңындағы жол жиегінде иесі қараусыз қалдырған BMW-325 көлігін белгісіз біреу ұрлап кеткен. Көлігі бұзылғанын, оны жоғалтып алғанын айтқан қала тұрғыны полицияға арызданды.

Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 35 жастағы күдікті анықталды. Ол кінәсін мойындаған.

"Ол біраз уақыт көлікті сырттай бақылап жүргенін және иесі жоқ деп ойлағанын айтқан. Тергеу барысында ер адам эвакуатор жүргізушісімен келісіп, оған көлікті ұрлап жатқанын айтпай, темір тұлпарды өз үйіне апарып қойғаны анықталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ұрланған көлік иесіне қайтарылды", — деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget