Current Date: 11-09-2025

БҚО-да 4000-нан астам киік ауланды

Батыс Қазақстан облысында биыл 460 мың киікті аулауға лимит белгіленген еді, деп хабарлайды 24kz.

«Алайда бұл межеге қол жеткізу оңай емес», — дейді мамандар. Жауаптылардың айтуынша, аңшылардың қимылы баяу, қызметі салғырт. Бөкен басын реттеуге рұқсат берілген 1 шілдеден бері өңірде тек 4 мыңнан астам жануар ауланды. 7 кәсіпорынмен келісім бар, бірақ киік еті 5-еуіне ғана жеткізіліп жатыр. Болашақта еттен консерві жасау жоспарланған еді. Алайда шикізаттың жетіспеушілігіне байланысты комбинат етті қалбырда бұқтыруға әзір кіріскен жоқ. Бүгінде 5 бригада ақбөкен атумен айналысады. Ал 1 қыркүйектен бастап киіктерді жаппай тормен аулау басталады.

Нұрлан Рақымжанов, БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау инспекциясының басшысы:

- Енді қазір сол 5 бригада жұмыс атқарып жатыр. Мана айтып кеткендей бәрі де Казталов ауданында. Алдағы үмітіміз кораль да қосылады. Коральмен аулаймыз деп жатқан адамдар бар. Солар қосылса, өнеді деген үмітіміз бар.