Current Date: 11-09-2025

Семейде халықаралық ақындар мүшәйрасы өтеді

Шара Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Ертең 6 тамыз күні сағат 14:00-де Alikhan Bokeikhan University-де "Өлең сөздің патшасы" атты халықаралық ақындар мүшәйрасы өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шараға алыс-жақын шет елдерден және еліміздің әр өңірінен барлығы 100-ге жуық қатысушының келуі жоспарланған.

Мүшәйра Абай мұрасын ұлықтауға, ақындар арасындағы мәдени байланысты нығайтуға және шығармашылық жастарды қолдауға бағытталған.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – Alikhan Bokeikhan University, ҚР Жазушылар одағының Абай облыстық филиалы, Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана және Семей қаласының әкімдігі.