Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Оралда ірі сүт комбинатынан өрт шықты

Орал қаласы, Айталев көшесі бойындағы сүт комбинатының аумағында орналасқан бір қабатты, бөлек тұрған ыстау ғимараты өртеніп жатыр , деп хабарлайды Egemen.kz.

Құтқарушылар қарқынды жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру оқпандары іске қосылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.

Нақты мәлімет бойынша, екі цехтың шатыры жанған:

— біріншісінде дайын өніммен бірге тоңазытқыш жабдықтары,

— екіншісінде балмұздақ өндіруге арналған жабдық орналасқан.

Өрттің жалпы ауданы – шамамен 3000 шаршы метр. Өртті сөндіру жұмыстары қатты желдің салдарынан күрделене түсті.

Қазіргі сәтте өрт оқшауланған.