Current Date: 15-03-2025

Татарстанда қар барысын зерттеу және сақтауға қатысты конференция өтеді

13-15 наурыз аралығында Қазан қаласында "Әлемдегі қар барысын зерттеу және сақтау" Күштерді біріктіру" атты халықаралық конференция өтеді.

Оған Бутан Корольдігі, Қытай Халық Республикасы, Үндістан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Моңғол Халық Республикасы, Непал Федеративтік Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ауғанстан Демократиялық Республикасы және Ресей Федерациясы сынды аумағында қар барысы мекендейтін ел өкілдері қатысады.

Конференция Татарстан Республикасы мен "Ирбис" қар барысын зерттеу және сақтау орталығы" аймақаралық қауымдастығының бастамасымен өтпек.

Шараға аталған ел үкіметі өкілдері, табиғат қорғау ведомстволарының басшылары, ғылым академияларының басшылары, шақырылған елдердің жоғары білікті ғылыми мамандары, биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қолдау көрсететін бизнес-компаниялардың басшылары қатысады.

Барлық делегациялар басшыларының қатысуымен өтетін конференцияның пленарлық сессиясы 14 наурыз күні сағат 16.00-ге жоспарланған.

Конференцияның мақсаты:

  • Қар барысы мекендейтін елдердің жетекші ғылыми ұйымдарының аталған жануарларды сақтау және зерттеу саласындағы негізгі нәтижелерін ұсыну және тәжірибе алмасу;
  • Түрді сақтау бойынша бірлескен әрі қарайғы тәсілдерді әзірлеу;
  • Ирбисті сақтау мәселелерінде ынтымақтастықты күшейту және ғылыми және қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік биліктің, бизнестің уәкілетті органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту үшін "Қазан қарарының" декларативтік құжатын қабылдау.

Толық ақпаратты: 8 (843) 267-68-57, 567-88-03 телефон нөмірлері немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. арқылы алуға болады.