Current Date: 16-03-2025

Әбиба Әбужақынова бастаған қазақ дзюдошылары Австриядағы Гран-при турниріне қатысады

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама Австрияда өтетін әлемдік Гран-при кезеңіне қатысады, деп хабарлайды еліміздің дзюдо федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

7-8 наурызда Австрияда өтетін Гран-при кезеңіне 52 елден 438 дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Аталған жарыста ел намысын 14 татами шебері қорғайды.

Гран-при кезеңіне қатысатын әйелдер:

  • Абиба Абужақынова (-48 кг);
  • Толғанай Әбеуова (-52 кг);
  • Дана Абдирова (-57 кг);
  • Самалай Ерғалиева (-63 кг);
  • Ақерке Рамазанова (+78 кг);

Ерлер:

  • Талғат Орынбасар (-60 кг);
  • Нұрмұхаммед Ботабай (-66 кг);
  • Қуан Барыс (-73 кг);
  • Данияр Шамшаев (-73 кг);
  • Мади Амангелді (-81 кг);
  • Азат Күмісбай (-81 кг);
  • Мейірлан Максим (-90 кг);
  • Нұрлыхан Шархан (-100 кг);
  • Жантілек Нұртілепұлы (+100 кг).

Айта кетейік, бұған дейін бокстан әйелдер арасындағы әлем біріншілігіне Қазақстан атынан кім қатысатынын хабарлаған едік. Әлемдік дода 9-16 наурыз аралығында Сербияның Ниш қаласында өтеді.