Current Date: 14-03-2025

Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін елдің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Арқада ат құлағы көрінбейді. Астананың өзінде боран бет қаратпай тұр. Коммуналдық қызметтер қармен арпалысып жатыр. Елдің бірақатар өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Түркістан, Жетісу, Атырау облыстарында тұман түседі. Мамандар 1403 қызметіне хабарласып, алыс жолға шықпауды ескертеді.