Астанада ұшуға қолайсыз ауа райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр. Бұл туралы Астана халықаралық әуежайы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, қазіргі уақытта ұшуға жоспарланған 84 рейстің 6-ы, әуе кемелерінің кеш келуіне байланысты, кейінге қалдырылды.
Ұшып келуге жоспарланған 86 рейстің 8-і дәл осы себеппен кешіктірілді.
Бұл ретте әуежайдың штаттық режимде жұмыс істеп тұрғандығы атап өтілді.
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында перрон мен ұшу-қону жолағын тазалау жұмыстары үнемі жүргізіледі. Әуеайлақтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін 23 дана мамандандырылған техника пайдаланылады.
Жолаушылар рейстердің күйін және кестедегі ықтимал өзгерістерді төмендегі жолдар арқылы тексере алады:
- Авиакомпаниялардан
- Әуежайдың ресми сайтынан: www.nn-airport.kz
- Тәулік бойы жұмыс істейтін әуежайдың байланыс орталығы бойынша: 8 (7172) 702-999
Бұған дейін Астананы қарлы боран басып қалғандығы хабарланған болатын.