Current Date: 15-03-2025

Қарақшы астаналық әйелдің қолынан жарты миллиондық телефонын жұлып алып кеткен

Астанада ер адам 22 жастағы қыздың қымбат телефонын ұрлап кеткен. Қарақшы қыздың ұялы телефонмен сөйлесіп тұрған сәтін пайдаланып, жүгіріп келіп, оны жәбірленушінің қолынан күрт жұлып алып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жәбірленуші ұялы телефон құнын 500 мың теңгеден жоғары деп бағалаған.

Күдікті бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Оны Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел ұстады. Ол бұрын сотталған 37 жастағы азамат болып шықты, сондай-ақ азамат әрекетін мойындады.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелген. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған телефон табылып, көп ұзамай ол заңды иесіне қайтарылды.

Бұған дейін Астанада әуе рейстері кешігіп жатқандығы хабарланған болатын.