Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таэквондо ережесіне сай өзінің қолтаңбасы бар тақтайшаны жұдырығымен сындырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент жаттығу тақтайшасына қолтаңба қалдырды. Кейін Чунгвон Чоу таеквондо дәстүріне сай тақтайшаны сындыруды өтінді.
Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен тақтайшаны “расында да сындыру керек пе” деп нақтылап сұрап алды. Содан кейін жұдырығымен бір ұрып, екіге бөлді. Тоқаевқа жиналғандардың барлығы, соның ішінде Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин де қол соқты.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының (WT) президенті Чунгвон Чоуды қабылдады. Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті мемлекет басшысына ерекше құрметтің белгісі ретінде тоғызыншы дан қара белбеуін табыс етті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
