Current Date: 14-03-2025

8 наурызда елімізде 366 қыз дүниеге келді

8 наурыз мерекесінде Қазақстанда перзентханалардың акушер-гинекологтары 764 босандыруды сәтті жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Барлығы 769 сәби, оның ішінде 366 қыз, 403 ұл дүниеге келді, сондай-ақ 5 егіз енді 8 наурызда туған күнін атап өтеді.

Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді, онда 126 бала туды, екінші орында Алматы — 76 сәби, Шымкент – 71 және республиканың астанасында 65 бала дүниеге келді.