Желіде қаладағы шағын аудандардың бірінде болған қыздардың жаппай төбелесінің видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .
Видео кадрларында қыздардың айқайлаған дауысы естіліп, бір-бірінің шашынан ұстап тұрған сәттері көрінеді.
"Иә, қыздар өте қатыгез болуы мүмкін", – делінген видеоның сипаттамасында.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған видеоға қатысты пікір білдірді.
"Аталған дерек бойынша Әуезов ауданы полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі тексеру жүргізіп жатыр. Қақтығысқа қатысушылар мен оның мән-жайы міндетті түрде анықталып, заң талаптарына сәйкес шаралар қабылданады", – деді полиция.