Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Дональд Трамп Ресейге ресми шақырту алды

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров “Россия-24” телеарнасына берген сұхбатында АҚШ Президенті Дональд Трампты Ресейге ресми түрде шақырғанын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сергей Лавровтың сөзінше, бұл ұсыныс екі ел басшыларының Аляскадағы кездесуінде айтылған.

“Оған шақырту жіберілді. Аляскада өткен баспасөз мәслихатында Путин бұл шақыртуды растады, ал Дональд Трамп, егер қателеспесем, бұл өте қызықты деп атап өтті”, – деді ол.

Бұл шақырту Аляскадағы Путин мен Трамп арасындағы саммит соңында айтылған “Next time in Moscow” деген әзілге негізделген болуы мүмкін.