Current Date: 11-09-2025

Руслан Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиенбай 9 жылға сотталып кетті

Бүгін Шымкент әкімінің орынбасарына 5 рет оқ жаудырған айыпталушыға сот үкімі шықты .

Судья Ернар Жиембайды 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Руслан Берденовке қастандық жасаған сотталушының қамаудағы бір күні бір жарым күнге есептелмек.

Сот "Е.Жиембайдың сот тергеуінде кінәсі куәлердің жауабымен, заттай дәлелдемелермен толықтай дәлелденді" деп мәлімдеді.

Бірнеше күн бұрын прокурор Ернар Жиембайды 11 жыл, 3 айға соттауды сұраған еді.

Бұған дейін Руслан Берденовке оқ жаудырған Ернар Жиембай соттағы соңғы соңғы сөзінде "Қолыммен істегенімді мойныммен көтеремін" деген мәлімдеме жасаған-ды.