Қызылжар ауданының Бескөл және жылыжай ауылдарында ТЖМ 52859 әскери бөлімінің күшімен қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 50 әскери қызметші мен 4 техника жұмылдырылды.
"Жұмыстар аясында 1900 дана қапшықтар дайындалып, 180 метр полипропилен төсеніші салынды. Барлық іс-шаралар елдімекендерді Есіл өзенінің тасқын сулары басуынан қорғауға бағытталған. Жұмыс жалғасуда", делінген хабарламада.
Бұған дейін Астанада қолайсыз ауа райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатқанын жазғанбыз.