Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жаыр.
Ұлытау облысындағы теміржолда болған оқыс жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
“Көліктегі полиция департаменті Жезқазған – Астана бағытындағы жолаушылар пойызы мен жүк пойызының соқтығысуына байланысты “Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану ережелерін бұзу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Қаза тапқандар жоқ”, – деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
