Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

БҚО-да ер адам 6 жасар қызды дүкенге алдап апарып, артынша зорлады деген ақпарат тарады

БҚО-да ер адам 6 жасар қызды дүкенге алдап апарып, артынша зорлады деген ақпарат тарады

БАҚ-та Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жайт болғаны туралы ақпарат тарады. Мәліметке сүйенсек, алты жасар қызды 32 жастағы ер адам зорлаған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .

Өңірдің Полиция департаменті жағдайға пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, 22 тамызда сағат 21:20-да Тасқала аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғынынан кәмелетке толмаған қызы жоғалғаны туралы хабарлама түскен.

“Анасының айтуынша, қыз дүкенге оның танысымен бірге шығып, кейін оралмаған. Дереу жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылып, іздеуге полицияның барлық бөлімшесі жұмылдырылды”, — деді полиция.

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде 23 тамызда полицейлер 32 жастағы ер адамды ұстаған.

“Ол қыздың жүрген жерін көрсетті. Қыз ауыл шетінде табылды. Бұлдерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, — деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget