Current Date: 11-09-2025

Германияның көлік саласында 51,5 мың адам жұмыстан қысқарған

Германияның көлік саласында бір жылда 51 500 адам жұмыстан босатылды.

Бұған АҚШ-тың кедендік баж салығын көтеруі мен электр энергиясының қымбаттауы себеп. Бұл неміс концерндерінің бәсекеге қабілетін төмендетті. Сарапшылардың айтуынша, қазір әлемде азиялық темір тұлпарларға сұраныс артқан. Салдарынан Германияда көлік нарығының қарқыны бәсеңдеп келеді. Биыл екінші тоқсанда сауда айналымы тағы 2 пайызға құлдырады. Қазір Германияда көлік шығаратын кәсіпорындарда 5 млн 420 мың адам жұмыс істейді.