Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда айналымы биылғы 5 айда 1,2 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды 24kz.
Ал былтыр екі ел өзара алыс-берісті 6,4 млн долларға жеткізген. Еліміз Иорданияға ұшу аппараттарын, қой еті мен табиғи бал жеткізеді. Ал Иорданиядан біз түрлі тоқыма бұйымдарын, тыңайтқыштарды импорттаймыз. Кейінгі 20 жылда Иордания Қазақстанға 15,4 млн доллар тікелей инвестиция тартты. Қазақстан болса, осы аралықта иордан еліне 4 млн доллар көлемінде инвестиция салды. Қазір елімізде 55 иорданиялық компания қызметін жалғастыруда. Сондай-ақ 2007 жылдан бері сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясы жұмыс істейді.