Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Алматыда көліктен ер адамның денесі табылды

Алматының Түрксіб ауданында көліктен ер адамның денесі табылды. Полицейлердің мәліметіне сүйенсек, оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы полициясы өкілдері оқиғаның мән-жайы туралы NUR.KZ тілшісіне түсінік берді.

“Желіде Түрксіб ауданында тұрған көліктен ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарап жатыр.

Марқұмның кім екені анықталды. Денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Өлімнің нақты себептерін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.

Материалдар Түрксіб аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің өндірісінде”, — деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз