Енді министрлік қызметкерлері сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін жұмыс істейді .
Мұндай өзгеріс таңертеңгі және кешкі көлік кептелісін азайтуға бағытталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Жұмыс күнін ертерек бастау және аяқтау көлік ағынын теңгерімді бөлуге және қарбалас сәтте жол жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді, – деп түсіндірді министрліктен Kazinform агенттігіне жолдаған жауабында.
Жаңа жұмыс кестесі министрлік қызметкерлеріне ешқандай кері әсерін тигізбеген.
Сондай-ақ, басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда да кедергі жоқ.
