Аталған жұмысқа 50 әскери қызметші мен 4 техника жұмылдырылды .
Қызылжар ауданының Бескөл және жылыжай ауылдарында ТЖМ 52859 әскери бөлімінің күшімен қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жұмыстар аясында 1900 дана қапшықтар дайындалып, 180 метр полипропилен төсеніші салынды. Барлық іс-шаралар елдімекендерді Есіл өзенінің тасқын сулары басуынан қорғауға бағытталған. Жұмыстар жалғасып жатыр", — делінген хабарламада.