Қазақстандық сейсмологтар еліміздің оңтүстігінде 11 наурызға қараған түні жер сілкінісін тіркеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 11 наурызда Астана уақытымен сағат 01.26-да жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан", — деп жазылған хабарламада.
Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында 2 балл болып сезілген.
ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!