Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

“Қайрат” клубы ресми мәлімдеме жасады

“Қайрат” ФК әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, жанкүйерлерді алаяқтарға алданбауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Әлеуметтік желілерде таралып жатқан “Қайрат” – “Реал Мадрид” УЕФА Чемпиондар лигасы матчының билетін сату немесе алдын ала брондау жайлы ақпарат – шындыққа жанаспайтын, жаңсақ хабарлама. Билетке қатысты жалғыз ресми дереккөздер – клубтың ресми сайты мен “Қайрат” ФК-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшалары. Қазіргі уақытта билеттің сатылымға шығу күні мен бағасы бекітілген жоқ, – делінген клубтың хабарламасында.

Жанкүйерлерден бөгде хабарландыруларға сенбеулерін және билетті бейресми арналар арқылы сатып алмауларын қатаң түрде сұраймыз.