Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы 14 наурыз "Көрісу" күніне арналған театрландырылған қойылымды тамашалауға шақырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Құрметті Атырау қаласының тұрғындары және қала қонақтары!
Сіздерді халқымыздың ғасырлардан жалғасқан ғажап дәстүрі — 14 наурыз "Көрісу" күніне арналған, ән мен жыр қалықтайтын, би мен күй шалықтайтын театрландырылған қойылымды тамашалауға шақырамыз". — делінген басқарма хабарламасында.
Өтетін күні: 14 наурыз
Басталуы сағат: 11.00-де
Исатай-Махамбет алаңы