Байрақты бәсекенің жастар арасындағы әлем кубогі деген мәртебесі да бар, деп хабарлайды 24kz.
Айтулы аламанға 21 елдің ең үздік былғары қолғап шеберлері жиналды. Араларынан қазақстандық Нығман Нығмет пен Жасұлан Бердалы барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. Қыздар арасында дәл осындай жетістікке Регина Тибенева мен Ақбота Есімбекова жетті. 4 алтыннан бөлек ұлттық құрама өкілдері 11 күміс және 12 қола жеңіп алды.
Айта кетейік, былтыр дәл осы Будва қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп, қазақстандық қыз-жігіттер 6 бірдей алтын жеңіп алған болатын.