Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

“Діни араздыққа шақырған”: 12 қазақстандық бас бостандығынан айырылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмге қарсы іс-шаралар туралы баяндады. Ведомствоның хабарлауынша, өткен айда 12 адам сотталған, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ҰҚК ақпаратына сәйкес, тамызда Қазақстан Республикасының 12 азаматы террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталды.

Олардың 11-і терроризм идеясын насихаттап, зорлық-зомбылықты ақтап және діни араздыққа шақырған, ал тағы 1-і лаңкестік ұйымға қосылу үшін шетелге шығуға дайындалған.

Күдіктілердің барлығы сот шешімімен кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз