Current Date: 10-09-2025

Тұрмысы жақсы көпбалалы аналар жеңілдіктен қағыла ма?

Көпбалалы аналар өздеріне тиесілі төлемдерді өмір бойы алып отыратын болады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова көпбалалы отбасыларға берілетін әлеуметтік қолдау шараларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер жағдайы жақсы көпбалалы отбасылар жеңілдіктерден қағыла ма деп сұрады.

"Біріншіден, көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға қатысты барлық Конституциялық кепілдіктер республикалық бюджеттен төленетін төлемдерді шектемейді. Көпбалалы аналар өздеріне тиесілі көпбалалы ана ретіндегі төлемдерді өмір бойы алып отыратын болады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан берілетін әлеуметтік қолдауға қатысты мәселелерді жергілікті билік шешеді", – деді министр Үкімет үйіндегі кулуарда.