Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында осылай деп, бұл бағыттағы жұмыс қарқынын үдетуді тапсырды. Қазірдің өзінде Ұлттық қор есебінен қаржыландыруда цифрлық теңге қолданылады.
Цифрлық ақшаны республикалық және жергілікті бюджетте пайдалануға болады. Қасым-Жомарт Тоқаев, оның қолдану аясын одан әрі кеңейту қажеттігін атады. «Сондай-ақ заман талабына сай крипто-активтерге баса назар аудару керек», — деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін тезірек қалыптастырған жөн. Цифрлық теңгенің енгізілуі бұл жұмысқа септігін тигізіп жатыр. Қазіргі таңда жобаларды Ұлттық қор есебінен қаржыландыру кезінде цифрлық теңгені қолданып жүрміз. Енді оның қолдану аясын одан әрі кеңейту қажет.