Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Қымбат мүлік иелеріне арналған салық нормалары жарияланды

Жылжымайтын мүліктің құнын есептеуді “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы жүргізеді.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Салық кодексінде “сән-салтанат салығы” жеке салық түрі ретінде қарастырылмағанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дегенмен, жекелеген қымбат мүлік санаттарына салық салу нормалары бекітілген.

Атап айтқанда, Салық кодексінде төмендегі жағдайлар көрсетілген:

Құны 18 000 АЕК-тен жоғары автокөліктер – сатып алу құнының 10%-ы мөлшерінде акциз салынады;

Құны 24 000 АЕК-тен жоғары яхталар мен ұшақтар – сатып алу құнының 10%-ы мөлшерінде акциз салынады;

Құны 500 000 теңгеден асатын алкоголь өнімдері – бір литр үшін құнының 10%-ы мөлшерінде акциз есептеледі;

Құны 10 000 теңгеден асатын темекі өнімдері (сигаралар) – әр данасына 10% мөлшерінде акциз салынады;

Жылжымайтын мүлік – бір меншік иесінің атына тіркелген барлық объектілердің жиынтық құны 450 млн теңгеден асса, мүлік салығы 2% мөлшерінде есептеледі.

Жылжымайтын мүліктің құнын есептеуді “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы жүргізеді. Әдетте бұл құн нарықтық бағадан төмен болып келеді. Сонымен қатар, тұрғын үй мен саяжай құрылыстарына қолданылатын сән-салтанат коэффициенті 1-ге тең, алайда жергілікті мәслихаттардың шешімімен оны 50%-ға дейін ұлғайтуға болады.

Салық мөлшері былай есептеледі:

егер меншік құны 450 млн теңгеден асса – 2 946 600 теңге + асқан сомадан 2%.

Егер мүлік құны бұл шектен аспаса, әр объектіге бөлек салық салынады.