Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Ақтауда “ҚазАзот” зауытына атмосфераны ластағаны үшін 8,5 млн теңге айыппұл салынды

Маңғыстау облыстық экология департаменті “ҚазАзот” компаниясына экологиялық заңнаманың сақталуына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде қысқа мерзімді апаттық жағдайда зауыттың энергия блоктарынан атмосфераға ластаушы заттардың таралғаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл оқиға Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында орын алған апаттық жағдаймен байланысты болды.

Анықталған заңбұзушылыққа байланысты кәсіпорын ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, “ҚазАзотқа” 8 552 901 теңге айыппұл салынды.

Экология департаменті алдағы уақытта да қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған бақылау жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.