Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

2025 жылғы 8 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ҚХА мүшелері мен жастар қатысты.

Сессия барысында аудан әкімі, аудандық ҚХА төрағасы Талғат Ескендірұлы Байеділов Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндама жасады.

Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті. Фото: Алматы облысының әкімдігі

Сонымен қатар ҚХА мүшелері – облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Сағатқызы Жошыбаева, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Талғат Смағұлұлы Мұқашев, “Вайнах” шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің өкілі Зоя Кайсаровна Магамадова, аудандық орыс этномәдени бірлестігінің төрайымы Ирина Николаевна Таркова, сондай-ақ Ассамблея жастарының мүшесі Мурат Яшаевич Нажипов өз бағыттары бойынша жобалар мен бастамаларды таныстырды.

Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті. Фото: Алматы облысының әкімдігі

Кездесу аясында қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайту, жастардың белсенділігін арттыру және этномәдени бірлестіктердің жұмысын қолдау мәселелері талқыланды.

Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті. Фото: Алматы облысының әкімдігі
Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті. Фото: Алматы облысының әкімдігі

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз