Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Махмұд Сабырхан әлем чемпионатында қарсыласын 30 секундта нокаутқа түсірді

Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

55 келіде Махмұд Сабырхан Косово боксшысы Башким Бажокуды бірінші раундтың 30-секундында нокаутқа жіберді. Соққының жойқын болғаны соншалық, Бажоку өздігінен аяққа тұра алмай, оған дәрігерлердің көмегі қажет болды. Осылайша қазақстандық былғары қолғап шебері әлем чемпионатының 1/4 финалына шықты. Ендігі қарсылас Нидерланд-Жапония кездесуінде анықталады.

1/16 финалда Сабырхан Брайан Ортисті жеңген болатын.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан – 2023 жылғы әлем чемпионы, 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2022 жылғы Азия вице-чемпионы.

Биылғы әлем чемпионаты World Boxing жаңа ұйымының демеушілігімен алғаш рет өткізіліп отыр. 4 қыркүйекте басталған турнир 14-іне дейін жалғасады. Қазақстан атынан өнер көрсетіп жатқан 20 боксшының 17-сі әзірге жарыс жолын жалғастыруда. Ал, үш боксшымыз қарсыластарына жол берді.