Current Date: 10-09-2025

Тоқаев Израильдің Катар астанасына жасаған соққысын айыптады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді", — делінген ресми хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз