Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының тағы екі спортшысы ширек финалға шықты. Келесі кезеңге жолдаманы Нұрбек Оралбай мен Махмұд Сабырхан жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
80 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Нұрбек Оралбай 1/8 финалда Қытай елінің өкілі Тоқтарбек Таңатханмен кездесті. Отандасымыз үш раунд бойы қарсыласына мүмкіндік бермей, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмұд Сабырхан 1/8 финалда Косово елінің спортшысы Башким Байокумен өзара мықтыны анықтады. Қазақстандық боксшы алғашқы раундтан-ақ қарсыласын тығырыққа тіреп, нокаутқа жіберді.
Осылайша, Нұрбек Оралбай мен Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін 51 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан боксшы Алуа Балқыбекова да ширек финалға өткен болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз