Солтүстік Қазақстан облысында Көкшетау-Рузаевка трассасында патрульдік көлік аударылып, екі полиция қызметкері жарақат алды. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп СҚО-ның полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Hyundai Elantra қызметтік көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы "Көкшетау-Рузаевка" тасжолында орын алды.
"Алдын ала мәлімет бойынша, жолдың бір ұзақ бұрылыстарында жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан патрульдік машина жол жиегіне шығып кетіп, төңкеріліп түскен. Жол-көлік оқиғасы кезінде қызметтік міндетін атқарып жүрген екі полиция қызметкері жарақат алды. Олар әртүрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді", — делінген полиция хабарламасында.
Жол апаты оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз