Current Date: 11-09-2025

Шымкентте 10 тонна жалған май тәркіленді

Тәркіленген тауар көлемі 10 тоннаға жетіп, жалпы құны шамамен 7 миллион теңге болған.

Шымкентте танымал брендтің атын жамылып заңсыз май өндіру фактісі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тиісті хаттама толтырылып, Шымкент қаласының әкімшілігіне жолданды. 30 сәуір 2025 жылғы қаулысымен сату бойынша кінәлі деп танылғандарға Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 158-бабына сәйкес 78 640 теңге айыппұл салынды. Заңсыз тауар соттың қаулысымен жойылуға жатады", – деді қалалық Әділет департаменті филиалының жетекшісі Нұрлан Серік.

Айта кетейік, Шымкентте биылдың өзінде 36 мыңнан астам қолдан жасалған өнім анықталып, айналымнан шығарылды. Бұл деректер бойынша 23 әкімшілік іс қозғалып, кінәлі тұлғаларға айыппұл салынған.